Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеу туралы ұсынысынан бас тартты
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ нарығы туралы келісім бойынша келіссөздердің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей жақтың ұсыныстарының бірі – барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл нұсқа келісім тараптарының таңдауында болуы керек еді", – деді министр.
Энергетика министрі валютаны таңдау екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керектігін баса айтты.
- Астанада көп балалы отбасылар мен мүгедектер бір аптадан бері газсыз өмір сүруге мәжбүр
- "Бағаны саяси астарсыз реттей аламыз": Путин Ердоғанға Түркияда жаңа газ алаңын құру идеясы туралы айтты
"Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін", – деп түсіндірді Болат Ақшолақов.
Айта кетейік, ЕАЭО елдерінде ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы келісім бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"