Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресейден көшіп кеткен ресейліктер үшін қауіпті деп танылды

Ақтөбеде прокуратура қызметкері 10 миллион теңге пара алды деген күдікке іліндіФото: Ru.freepik.com

Ресей Украинаға басып кіргеннен бастап Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер үшін Қазақстан қауіпсіз болмай шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Дождь” телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арна ақпаратты құқық қорғаушылардың және билік тарапынан қудалауға ұшыраған релоканттардың мәлімдемелеріне сүйене отырып таратты.

Телеарна соңғы бір айда Ресей билігі соғысқа қарсы немесе басқа саяси себептер бойынша қудалаған ресейліктерді Қазақстаннан сот шешіміне сәйкес Ресейге қайтарған, ал кейбір жағдайларда оларды сотсыз тікелей ресейлік құқық қорғау органдарына өткізген. Экстрадицияланғандардың арасында тек саяси белсенділер мен әскерден қашқандар ғана емес, қарапайым IT мамандары да бар.

Телеарнаның мәліметінше, Украинадағы соғыс басталған соң алғашқы екі айда Қазақстанға шамамен 400 мың ресейлік адам келген.

“Бір ай бұрын мен Қазақстанды саяси қудалауға ұшыраған ресейліктер үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз ел деп айта алар едім. Қазір бұл туралы айту өте қиын, өйткені қысқа уақыт ішінде көп оқиғалар болды, олар менің ойымша, кездейсоқ жағдайлар емес”, – деді адвокат Артур Алхастов журналистерге.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстандағы сот ресейлік Евгений Коробовқа саяси баспана беруден бас тартуды заңды деп атады. Ол Украинадағы майданда өзін қасақана жарақаттап, госпитальдан қашып кеткен, кейін бұл туралы тәуелсіз журналистерге баяндады.

Сот шешімінде айтылғандай, Евгений Коробовқа қарсы ресейлік құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғағанымен, Ресейде оның саяси көзқарастары немесе әскерден қашқаны үшін қудаланбайтыны айтылды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 10:08