Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құрастырылатын Қытай көліктері ресейлік көліктерден жақсырақ – Министр

Фото: kolesa.ru

Қазақстанда Ресейден әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, осы қадам Ресей енгізген жаңа талаптарға жауап ретінде жасалады және елде автокөлік бағасының күрт өсуіне әкелмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда автокөлік таңдауы жеткілікті екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда құрастырылатын қытай брендтері баға, функционал және интерьер жағынан ресейлік көліктерден жиі тиімді болып келеді.

Қазақстан Ресейден келетін автокөліктерге арналған утилизациялық алымды көтеруді жоспарлап отыр. Төлем Ресейде 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап енгізілген алым деңгейіне теңестірілуі мүмкін.

Министрдің айтуынша, Қазақстан осы арқылы Ресей нарығындағы өзгерістерді қайталап отырған жоқ, тек сол елдің шешіміне жауап ретінде әрекет етуде. Себебі Ресейде қазақстандық көліктерге арналған утилизациялық алым бірнеше есе өсіп, 2029-2030 жылдарға дейінгі прогрессивті шек енгізілген.

"Егер жалпы қарасақ, Қазақстанда автокөлік таңдауы бар. Ресейдің автопромын, мысалы, "Нива" немесе Lada көліктерін алайық. Қазір көптеген қазақстандық елімізде құрастырылатын көліктерге назар аудара бастады. Қытай брендтері баға, функционал және интерьер жағынан ресейлік автокөліктерден жиі жақсы", – деді министр үкіметтегі брифингте. Fred

Оның айтуынша, нарықтық механизмдер қалыпты жұмыс істеп тұр. Сондықтан Қазақстанда автокөлік бағасының күрт өспеуі мүмкін. Министрдің мәліметінше, қазіргі кезде Қазақстандағы автокөлік нарығында ресейлік импорттың үлесі шамамен 3,7% ғана.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда автокөлік нарығының өсімі сақталып отырғаны хабарланған еді. Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы елдегі автокөлік өндірісі 200 мыңнан асады. Сонымен қатар ішкі нарықта жергілікті құрастырылған көліктердің үлесі артып келеді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 14:33