Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде тағы да жолдар жабылды

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге Қазақстан өңірлеріндегі бірқатар жолдардың жабылатынын ескертті. Ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ, көрінудің нашарлауы) барлық автокөлік түрлеріне арналған трассалар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

19 ақпанда таңертеңнен бастап келесі жолдар жабылды:

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) "Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті" бағыты бойынша (16-200 километр) қозғалысқа шектеу енгізілді.

"Нұр-Сұлтан - Павлодар" және "Нұр-Сұлтан - Щучинск" жолдары қатты боран мен желдің екпіні секундына 20 метрге жуық болғандықтан жабылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) "Омбы-Майқапшағай" жолында (756-906 шақырым), Семей – Қалбатау ауылы учаскесінде, Семейдің Ресеймен шекараға дейінгі учаскесінде (3-113 шақырым) және "Өскемен-Семей" жолында (10-198 шақырым), Герасимовка ауылының учаскесінде және Семейге дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ауа райының жақсаруына байланысты бүгін таңғы сағат 9-да "Нұр-Сұлтан - Петропавл" автожолының Нұр-Сұлтан - Щучинск учаскесінде (18-231 шақырым) қозғалыс ашылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы күндері бүкіл республика бойынша дауылды ескерту жарияланды – синоптиктер бұрқасын, қар, тұман, көктайғақ, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел болады деп болжап отыр.

Қандай жолдардың жабылуы мүмкін екенін "ҚазАвтоЖол" ҰК сайтынан немесе 1403 бірыңғай телефонымен, 112 құтқару қызметінің телефонымен, сондай-ақ Darmen мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады.

Талқылау