Қазақстан өңірінде жасөспірімдер “лайк” жинау үшін баланы соққыға жыққан
Ресейлік телеарна жариялаған видеода жасөспірімдер “лайк” жинау үшін өздерімен жасты баланы ұрып-соққан.
Балалар өздері қатарлас ер баланы соққыға жығып, кейін көрермендерден “лайк” басуды сұраған, деп хабарлайды РЕН ТВ телеарнасы.
Телеарнаның мәлімдеуінше, бұл оқиға Қазақстанда болған, бірақ нақты қай өңірде болғаны айтылмайды.
Видеода бір бала жылап жерде жатыр, сол кезде екінші бала оны қолымен ұрып, аяғымен тепкілейді. Содан соң балалар көрермендерден “өз арналарына жазылуды сұрап”, “лайк” қоюды өтінеді, сол үшін көрермендерге сыйлық беруге уәде етеді.
“Арнамызға жазылмай, “лайк” баспайтын болсаңдар, барып өлтірем сендерді”, — дейді балалардың бірі.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда Lexus әкесі мен қызын қағып кетті
Қарағандыда жүйке ауруына шалдыққан ер адам жасөспірімді пышақтап тастады
Гименопластика дәрігері жасанды “қыздықты” табиғидан қалай ажыратуға болатынын айтты