Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша Орта Азияда көш бастады

Фото: depositphotos.com

CEOWORLD журналы Human Progress Index рейтингінде өмір сүру сапасы бойынша Орта Азия елдерінің ішінде Қазақстан бірінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Human Progress Index рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Онда өмір сүру сапасы мен ұзақтығы, білім беру деңгейі, саяси тұрақтылық, жан басына шаққандағы табыс және мүмкіндіктерге қолжетімділік сияқты көрсеткіштер талданған. Бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, елдің рейтингтегі орны соғұрлым жоғары болады.

2024 жылға арналған есептің нәтижесі бойынша өмір сүру сапасы жағынан әлемдегі ең үздік ел – Швейцария. Келесі орындарды Норвегия мен Исландия иеленді. Төртінші орында Гонконг. Алтыншы және жетінші орындарда – Дания мен Германия. Онындыққа Ирландия, Сингапур және Аустралия кірді.

Түркия рейтингте 48-орыннан көрінсе, Ресей – 59, Беларусь – 72, Армения – 78-орында.


Азия бойынша ең үздік қалалардың тізімі шықты: Сингапур көш бастады


Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде өмір сүру сапасы бойынша көшбасшы деп танылып, жаһандық рейтингте 70-орын иеленді. Ал Түрікменстан – 96, Өзбекстан – 108, Қырғызстан – 119, Тәжікстан – 128-орында орналасқан.

CEOWORLD сарапшылары рейтингті жасау барысында 196 елді тұрақтылық, қанағаттану деңгейі және тепе-теңдік атты үш негізгі санат бойынша салыстырған. Әрбір санатқа жататын 23 көрсеткіш бойынша 100 балдық жүйемен бағалау жүргізілген.

CEOWORLD – экономика, инвестиция, мансап, технология, білім және өмір сапасы тақырыптарында аналитикалық материалдар, рейтингтер мен зерттеулер жариялайтын халықаралық іскерлік басылым.

Еске салсақ, Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұрмысы төмен халықтың үлесі бойынша көш бастаған еді. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025 21:18
Талқылау