Қазақстан наны ең арзан бес елдің қатарына енді
Қазақстан наны арзан елдердің қатарында әлемде төртінші орында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Алғашқы үш орында Тунис, Алжир және Ливия елдері тұр. Оларда наның құны 0,14, 0,16, 0,34 доллар. Ал Қазақстанда нан 0,36 доллар (шамамен 165 теңге) тұрады. Бұл рейтингте Өзбекстан нан құны 0,37 доллармен бесінші орында.
Рейтингте бағалары әлдеқайда жоғары дамыған елдер көш бастап тұр. Нан Исландияда - 2,93, Швейцарияда - 3,21, АҚШ-та - 3,27 доллар тұрады.
Бір жылда елімізде нан 19,2 пайызға қымбаттаған. Баға жоғары сапалы ұннан жасалған бидай нанының ең жоғары көтерілгені – 27,8%-ға, 1 кг 348 теңгеге дейін. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 13,9%-ға, 196 теңгеге, қара бидай ұны қосылған нан 26,5%-ға қымбаттап, 435 теңгеге жеткен.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"