Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын жеке қолға беруді жоспарламайды – Энергетика министрлігі
Фото: pixabay.com
Энергетика министрі Ерлан Ақкеженов Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытының төмен бағаға сатылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, аталған кәсіпорындарды сату жөнінде үкімет деңгейінде әлі ешқандай келіссөздер жүргізілген жоқ.
"Кейбір сарапшылар, белгілі бір мемлекеттік активтердің арзандатылып сатылатынын айтқанда, бұл адастыру болып саналады. Активтерді бірнеше бағалау тәсілі бар. Біріншісі, мүліктің нақты құны. Екіншісі, экономикалық көрсеткішті (EBITDA) коэффициентке көбейту. Мысалы, EBITDA-ны бес жылдық коэффициентпен көбейту, яғни беске. Сондықтан бұл активтер қандай да бір бағаға сатылады деп айту да дұрыс емес", – деп түсіндірді министр.
Ведомство басшысы мұнай өңдеу зауыттары өте тиімді кәсіпорындар екенін еске салды. Қазір олардың акционері "ҚазМұнайГаз" компаниясы және ол өз объектілерін сату жоспарын қарастырмайды.
"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы активтерді өз қызметтік міндетіне байланысты приватизация картасына енгізді. Яғни олар қазір мұнай өңдеу секторындағы концентрация толықтай мемлекеттің қолында екенін байқайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің негізгі функциясы – дәл осы салада бәсекелестікті дамыту. Сондықтан олар әртүрлі экономикалық секторлардың дұрыс дамуына ықпал ететін әрекеттер жасайды. Бірақ бұл мемлекет сатады дегенді білдірмейді", – деді ол.
Грузияда үш қазақстандық мұнайға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
Еске салайық, бұған дейін 29 қарашада Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалына тағы бір шабуыл жасалып, салдарынан сыртқы айлақтық құрылғы ауыр зақымданған еді. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты