Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандар одағы сақалдың ұзындығына байланысты салық салуды ұсынды

Өздерін ҚР мұсылмандар одағы деп атайтын ұйым сақалға салық салатын Франция, Англия, Ресей елдерінің тәжірибесін елімізде де енгізуді ұсынды.

strizhka-borody-1

Фото: kioto.by

Олардың айтуынша, теологтар мұндай заңның ел парламентінде қабылдануына ынталы. Осыған арнап арнайы салық жүйесін де дайындап қойыпты.

Заңдағы салық өзгертулеріне сәйкес, ҚМО мынадай ұсыныс жасап отыр:

Ұзындығы 12, 4 см болатын ұзын қара сақалға жылына 1530 доллар салық.
Ұзындығы 12, 1 см болатын сары сақал – 1214 доллар.
Боялған сақал 11, 8 см – 1127 доллар.
Шүйдеге дейінгі сақал 11, 6 см – 1038 доллар.
Қолтықтағы түк 10, 9 см – 841 доллар.
Гениталия аймағындағы түк 10, 4 см – 12 доллар.

Олар сондай-ақ, шашқа қатысты да ереже енгізу керек деп отыр. Одақ мәліметінше, медицина мен теологияға жауапты белгілі мамандар шаштың ұзындығы 1см 7 мм, ал қалыңдығы 1 шаршы см болу керек деген шешімге келген.

Ұйым бұл ережелер адам денсаулығына жағымды әсер етіп, бөтен ойлардың туындауына бөгет болады дейді. Ал ережені бұзған адам жауапкершілікке тартылуы тиіс екен.

Талқылау