Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды
Фото:Kff_team
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын өте қарқынды түрде басталды. “Қазақстан” құрамасы бірнеше мәрте қарсыластың қақпасына шабуыл жасап, қауіпті соққылар сериясын кезек-кезек жалғастырды. Дегенмен бірінші таймда қос команда да есеп аша алмады.
Ал екінші таймда Дінмұхамед Қараманның артқа қарай қайшылай келіп соққан добы қарсыластың қақпасына дәл дарып, “Қазақстан” құрамасын алға шығарды. Алайда 75-минутта Солтүстік Македония сапынан Энис Бардидің айып соққысынан кейін таразы басы теңесті. Нәтижесінде ойын тең есеппен аяқталды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 7 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпаймен “J” тобында 4-орынға жайғасты. Ал Солтүстік Македония 13 ұпаймен 2-орынға тұрақтаса, үздіктердің көшін 14 ұпай жинаған Бельгия құрамасы бастауда. Енді ұлттық құрама ойыншылар 15 қарашада Астанада “Бельгия” құрамасын қабылдайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

