Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады. Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі