Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан Аралдағы жағдайды жақсарту бойынша ынтымақтастық құрмақ: Сенат құжатты мақұлдады

24 қазанда сенат отырысында депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология және қоршаған орта мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі құжатты мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

арал сток

Фото: nova24.uz

Екі ел арасындағы келісімге 2022 жылы Ташкентте қол қойылған. Келісім қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және тиісінше Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы достық қатынастарды нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар келісімде Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеу көзделген. 

“Осы халықаралық құжат шеңберінде қоршаған ортаны мониторингтеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, сондай-ақ жұмыс топтарын өткізу көзделеді. Сонымен қатар, Келісім нормаларымен Тараптар мемлекеттерінің шекара маңындағы аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат алмасу регламентін әзірлеу, өзара хабардар ету және қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайлар бойынша қажетті шаралар қабылдау айқындалған”, – деді сенатор Әли Бектаев.

Талқылау