Қазақстан мен Әзірбайжан арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 2025 жылдың 21 қазанында Астанада Қазақстан мен Әзірбайжан арасында қол қойылған бірқатар екіжақты құжаттарды бекіту туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Әзірбайжан ішкі істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Құжат күшіне енгеннен кейін Әзірбайжан ішкі істер министрлігі оның ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді, ал Сыртқы істер министрлігі қазақстандық тарапқа барлық қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлама жолдайды.
Сондай-ақ, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Әіербайжанның мемлекеттік статистика комитеті арасында статистика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді. Құжаттың ережелерін іске асыру Әзірбайжанның мемлекеттік статистика комитетіне жүктелді.
Бұдан басқа, Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзірбайжан үкіметтері арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады. Құжатты іске асыру Әзірбайжанның зияткерлік меншік агенттігіне тапсырылды.
Екі ел үкіметтері арасында энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді бөлек жарлықпен бекітілді. Құжат күшіне енгеннен кейін Әзірбайжан Республикасының энергетика министрлігі келісімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Әзербайжан сыртқы істер министрлігіне бекітілген құжаттардың күшіне енуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан үкіметіне тиісті хабарламалар жіберу тапсырылды.
Жарлықтарға Әзірбайжан Конституциясының 109-бабына сәйкес қол қойылды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды