Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жыныстық сауат сабағы енгізіле ме – Тамара Дүйсенова жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мектептерде балаларға жыныстық білім беру бойынша қосымша сабақ енгізу туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр

Тамара Дүйсенова жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, қосымша пәндерді мектеп бағдарламаларына енгізуге қатысты ұсыныстар түсіп жатқанын атап өтті.

"Біріншіден, бұл мәселелер мектеп бағдарламаларында ескерілген. Мұғалімдер менің сөзімді растайды. Оқу жүктемесін арттыру арқылы бәрін шешу мүмкін емес. Тек мазмұнға интеграциялау, сондай-ақ жүйелік жобаларды іске асыру арқылы ғана осы бағыттарда нәтижелерге қол жеткізуге болады", – деді ол.

Оның айтуынша, қазір балалардың сабағын көбейте алмайды.

"Мен оны әртүрлі бағдарламамен кеңейте алмаймын, бірақ олар қазірдің өзінде біздің курстарымызда баламалы түрде бар болуы керек", – деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мектептерде "жыныстық тәрбие" жеке пәнін енгізуді жоспарламайтынын айтты.

Астанада сегізінші сынып оқушысын зорлағаннан кейін әлеуметтік желілерде ел мектептерінде балаларды жыныстық ағарту бойынша сабақ енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Талқылау