Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

200 миллион теңгенің дауы: Қазақстан құрамасының экс бас бапкері Әлиев "Қызылжар" клубына қарсы сотта жеңіске жетті

Фото:”ҚФФ”

Кассациялық сот Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкер міндетін атқарған Али Алиевтің пайдасына шешім шығарып, “Қызылжар” клубының 2022–2024 жылдарға арналған еңбек келісімін заңсыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді "Қызылжар" Әлиевке тиесілі барлық қаражатты толық көлемде төлеуге міндетті.

Бұған дейін клуб екі рет сотта жеңіске жетіп, бапкердің бастапқы 10 миллион теңге болатын жалақысын заңсыз деп таныған еді. Сол шешім негізінде оның жалақысы 1 миллион теңгеге қайта есептелген. Алайда соттың жаңа қабылдаған шешімі бойынша еңбек келісімі заңды деп танылып, Әлиев бұрынғы төлемдерді, соның ішінде 120 миллион теңге өтемақы мен 40 миллион теңге көлеміндегі жалақы мен бонустарды талап етуге құқылы.

Айта кетерлігі, бұл дау клуб басшылығы 2024 жылдың соңында ауысқаннан кейін басталған. Әли Әлиев 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін "Қызылжардың" бас бапкері болған. Келісімшарт бойынша оның айлық табысы бастапқыда 6,5 миллион теңге болса, кейінгі жаңа келісім бойынша 10 миллион теңгеге дейін көтерілген.

Естеріңізге салсақ, Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарында ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына Қазақстан құрамасына уақытша бас бапкер қызметін атқарған еді. Әлем чемпионатының іріктеуінде  Брюссельде Қазақстан құрамасы Бельгиямен ойнап, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Осы матчтан кейін Әли Әлиев қызметінен кетті.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 18:27
Талқылау