Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалында

Қазақстандық теннисшілер Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты. Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатындағы командалық сын бойынша 1/8 финалда ерлер құрамасы (Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов) Сауд Арабиясын 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістан құрамасына қарсы ойнап, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. 

Айта кетейік, жүлделер ерлер мен әйелдер арасында жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда ойналады.

Талқылау