Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатына қатысады

Спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

9-14 қазан күндері Қытайдың Тайан қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтеді. Біздің елден аталған жарысқа 11 спортшы қатыспақ. Қазақстан командасының құрамы:

"Жылдамдық" 

Маймұратов Әмір

Хайбуллин Ришат

Алтынбеков Бекнұр

Тоқтаров Дамир 

Қалибай Жандос

Ұлжабаева Тамара

Марленова Әсел

"Қиындық", "боулдеринг"

Майкотов Азат

Агамбаева Маргарита

Кузьменко Дарья

Литус Елизавета

Айта кетейік, бұған дейін Әмір Маймұратовтың Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлде иеленгенін жазған едік. 

Талқылау