Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы ганболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында Қытайды жеңді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетуде. Бұл топқа Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея құрамалары кіреді. Отандастарымыз топтық кезеңді Қытай командасына қарсы ойынмен бастап, кездесу қазақстандықтардың пайдасына 28:26 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі матчын 4 желтоқсанда Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 03 Желтоқсан, 2024 15:18