Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы cемсерлесуден Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

Қазақстанның ерлер командасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл – 17-22 маусым аралығында Қытайдың қаласы Усиде өтіп жатқан құрлық біріншілігіндегі жалғыз жүлде.

Азия форумының финалында қазақстандық қылыш шеберлері жапониялықтардан 25:45 есебімен жеңілді. Оған дейін ұлттық құрама филиппиндерді (45:37), Өзбекстан (45:40) және Оңтүстік Корея (42:36) құрамасын жеңді. Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай семсерлесуден командалық жарыста күміс жүлде алды.

Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан атынан 19 спортшы қатысуда. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 21 Маусым, 2023 15:27