Қазақстан қонақжай елдердің қатарында 54-ші орынға көтерілді
Passport Index рейтингінде Қазақстан қонақжай елдердің қатарында 54-ші орынға көтерілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рейтинг бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 49-шы орында (ел 87 елдің азаматтарына визасыз келуге ашық), Қырғызстан 53-ші орында (80 елдің азаматтарына визасыз келуге ашық).
Көшбасшылар қатарына бірден 22 ел жайғасты. Олардың көпшілігі Африка континентінде орналасқан (Нигерия, Эфиопия, Габон, Руанда, Джибути және т.б.). Мальдив, Камбоджа және Комор аралдары да бірінші орындарды иеленді. 198 елдің азаматтары осы елдердің әрқайсысына визасыз бара алады.
Бұл рейтингте Солтүстік Корея, Түркіменстан және Ауғанстан ең төменгі орындарға жайғасты. Себебі бұл елдер визасыз кіруді қамтамасыз етпейді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды