Тоқаев Қытайға 1,5 мың ақбөкенді сыйға тартты

Қазақстан 1,5 мың ақбөкенді Қытайға сыйлайтын болды. Сол арқылы Қытайда олардың популяциясын қалпына келтіру көзделіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкендерді Қытайдың батыс бөлігіне жіберу шешімін қабылдаған.
“Президент көрші елдегі ақбөкендердің санын қалпына келтіру мақсатында Қытай үкіметіне 1 500 бас сайғақ сыйға тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бұл шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді. Себебі Қытай сайғақ популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Ал елімізде ақбөкендер саны 4 миллионнан асқаны туралы хабарлаған едік. Олар шаруалардың алқаптарын таптап шығын келтіріп жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"