Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері бір аптаға жуық жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне байланысты 27 қаңтар сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі тоқтатылды.
-
"Жанар-жағармай тасымалдаған": Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан 450 метрлік туннель табылды
-
Қазақстанда енді шекарадан өтетін тасымалдаушылар биометриялық сәйкестендіруден өтеді
Комитет Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан әуежайларында шекаралық бақылаудан өту тәртібі жеңілдетілетіні туралы жазған едік.
Талқылау