Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан киіктердің мүйізін шектеулі партиялармен экспорттайтын болды 

киіктің мүйізіФото: Depositphotos.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан киіктердің мүйізін шектеулі партиялармен экспорттауға мүмкіндік алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, экспорт еркін сауда емес, қатаң реттеледі. Біріншіден, үш жылға лимит белгіленген екен.

"Екіншіден, барлық мүйіздерді бақылау жүйесі арқылы қадағалау қажет. 2023 жылдан бері "Қазақтелеком" компаниясымен бірге жүйе енгізіліп жатыр, ал бүгінде барлық алынған мүйіздерге арнайы чиптер орнатылып, есепке алынған", – деді министр Ерлан Нысанбаев.

Нысанбаев мүйіздер экспорты үшін қазақстандық және қытайлық жүйелер интеграцияланатынын және бұл бақылаудың деривативтің алынған жерінен бастап өңделетін жеріне дейін жүргізілетінін айтты.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға киіктердің мүйізін халықаралық саудаға шығару рұқсаты берілгенін жазған едік.  CITES ұйымы Қазақстанның киікті сақтаудағы жетістіктерін мойындап, киік мүйіздеріне нөлдік экспорт квотасын алып тастады. Экология министрлігінің мәліметінше, Қазақстан халықаралық саудадан түскен кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтау, мониторинг жүргізу және экожүйелерді қалпына келтіруге жұмсайтын болады. Министрлік атап өткендей, нөлдік квотаны алып тастау – қорғаудан тұрақты пайдалану моделіне өту кезеңі. Барлық пайдаланулар түр мен мекендеу ортасына қауіп төндірмейтін болады, оның ішінде заңды сауда да бар.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 14:46
^ array:1 [
  0 => "https://stan.kz/download/uploads/2025/12/full_1766137502a8f0f557d8f81cbf646c7ead905f117b_webp.webp"
]