Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша Жапонияны артта қалдырды

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың тізімін жариялады. Бұл рейтинг Бағдат Мусиннің “Қазақстанда интернет жылдамдығы Токиодан жақсы” деген сөзін дәлелдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: androidinsider.ru

Сарапшылар 154 елдегі 200-ге жуық қалада мобильді интернеттің орташа жылдамдығы мен кең жолақты қолжетімділігіне талдау жасады. Speedtest жаһандық индексі мобильді және кең жолақты желілердің жүктеу жылдамдығы секілді негізгі критерийлерге қарай бағаланады. 

Әлемдік сервистің мәліметінше, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша дүниежүзінде бір орынға көтерілді. Еліміз секундына 53,76 мегабит орташа жүктеу жылдамдығымен 57-орында тұр. Ал Жапония 58-орынға (секундына 53,54 мегабит) жайғасты. 

Алайда кең жолақты интернет бойынша Қазақстан 88-орында (секундына 73,67 мегабит) тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша алғашты үштікте:

  • Біріккен Араб Әмірліктері – секундына 453,87 мегабит;
  • Катар – секундына 383,5 мегабит;
  • Кувейт – секундына 257,3 мегабит.

Ал Ауғанстан бұл тізім бойынша көш соңында. Онда жүктеу жылдамдығы секундына 8,2 мегабит екен. 



Сондай-ақ Speedtest әлемнің ірі қалалары бойынша зерттеу жүргізген. Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығын анықтау үшін екі қала, яғни, Алматы және Астанада зерттеу тіркелді. Алматы 63, елорда 71-орынға тұрақтады.

  • Алматы – секундына 93,71 мегабит;
  • Астана – секундына 83,87 мегабит.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озғанын айтқан еді. 

Талқылау