Қазақстан халқының саны белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock.com
Бюроның мәліметі бойынша, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 316 155 адамға тең.
Елдегі халқы ең тығыз орналасқан өңірлер бұрынғысынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы: бұл аймақтарда тиісінше 2 300 876 және 2 154 130 адам өмір сүреді.
Халқының саны 1 миллионнан асқан бес өңір бар: Алматы облысында 1 566 257 адам, Астанада 1 544 142 адам, Шымкентте 1 261 709 адам, сондай-ақ Жамбыл облысында 1 221 439 адам және Қарағанды облысында 1 133 524 адам тұрады.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 12 813 769 азаматы қалаларда, ал 7 502 386 адам ауылдық жерлерде тұрады. Жыл басымен салыстырғанда ауыл тұрғындарының саны шамамен 8 мың адамға азайса, қалалардағы халық саны 40 мың адамға артқан.
Еске салсақ, бұған дейін 2024 жылы қазақстандықтардың саны 252 242 адамға өскені туралы жазған едік.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
