Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысы бойынша алғаш рет 20,5 миллион адамнан асқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бюро 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы деректерді ұсынды. Мәліметке сәйкес, Қазақстан халқы 20,5 миллиондық межеден асты.
Қазақстан халқының саны 25 жылда 26 миллионға дейін ғана өседі
“1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен”, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі