Қазақстан футболында ең қымбат ойыншы пайда болды
“Қайрат” футбол клубы жазғы трансферлік терезе кезінде 28 жастағы чилилік жартылай қорғаушы Герсон Асеведомен келісім-шартқа отырды. Ол енді Қазақстанда 2 жыл ойнауы тиіс.
Сурет “Қайрат” ФК
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Transfermarkt.de сайтының бағалауынша Асеведоның құны – 3 миллион евро. Бұл бағасымен “Қайраттың” жаңа ойыншысы “Астана” клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимовичтен де озып кетті. Серб 2 миллион евроға бағаланған еді. Үшінші орында да “Қайрат” ойыншысы, шабуылшы Жерар Гоу, оның құны – 1,8 миллион евро.
Герсон Асеведо жаңа клубында 30-шы нөмірмен ойнайтын болады.
Қазақстан премьер-лигасындағы қымбат ойыншылардың ондығы былай түзілген: “Астана” жартылай қорғаушылары Рохер Каньяс пен Аруна Лукман – 1,5 миллиона евро. Алтыншы орында “Қайраттық” Исаэль – 1,2 миллион евро. Одан кейін Бауыржан Исламхан (“Қайрат”), Дмитрий Шомко (“Астана”), Филип Касалица (“Ордабасы”) және Джуниор Кабананга (“Астана”), бұл ойыншылардың барлығының трансферлік бағалары – 1 миллион евро.
Асеведо өз мансабын чилилік “Коло-Коло” клубынан бастаған. 2010 жылдан бастап Ресей премьер-лигасындағы “Урал” клубында ойнаған. Чили ұлттық құрамасында да өнер көрсетеді.
Осыған дейін “Қайрат” клубы маусым аралық үзіліс кезінде қатарларына ресейлік танымал футбол жұлдызы Андрей Аршавинді қосқан болатын.