Қазақстан футболындағы жемқорлық: Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі 2 миллиард теңге өтелгенін мәлімдеді

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстан футбол федерациясындағы заңбұзушылықтарды тексеру барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Бас прокуратура тексеру нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясы мен бірқатар футбол клубында 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеген еді.
28 мамырда Елемесов мәжіліс кулуарында қаржының бір бөлігі өтелгенін хабарлады.
"Бір ғана айтарым, осы қылмыстық іс аясында екі миллиард теңгеге жуық шығын өтелді", – деді агенттік төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлаған еді.
Сондай-ақ бүгінгі сөзінде Елемесов футбол федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Барменқұлов бұл іске күдікті ретінде тартылмағанын атап өтті.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"

