Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан дауысы" жобасында музыкалық білімі жоқ әнші қазылар алқасын таңдай қақтырды

"Qazaqstan дауысы" жобасында музыкалық білімі жоқ Нұрболат Қанай есімді әнші әділқазылар алқасын таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қанай

Нұрболат Қанай 28 жаста. Атырау облысы Құлсары қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен аспаз болуды армандаған. Оған өзінің бала кезінде көрген отбасылық қиындықтары себеп болған.

"Үйде үш бала болдық. Кішкентай інім 7 жасында "аққан" дертіне шалдығып, көз жұмды. Інімді емдету үшін анам Алматыға жиі баратын. Тіпті 3 жылдай көрмеген кездеріміз болды. Әкеміз қымбат дәрілер алу үшін 3-4 айлап вахталық жұмысқа кететін. Сол кезде барлық үй шаруасы, тамақ істеу ағамыз екеуіміздің қолымызда болды. Бауырдан айырылған қиын ғой, қатты тиді...", – деп балалық кезін еске алды.

Қазір ол "Қанай" лақап атымен Instagram, YouTube желісі арқылы көрерменге өзінің әндері арқылы танымал. Өнерге деген жолы "Жайдарманнан" басталған. Айтуынша, оның арнайы музыкалық білімі жоқ.

Нұрболат 2 қазан күні  "Қазақстан дауысының" шығарылымында "Тағдыр" әнін орындады. Әнді бастаған бетте ерекше дауысымен қазылар алқасын түгелдей таңғалдырды. Қызыл тетікті бірінші болып Әлем басты. Одан кейін Майра Төлепберген бұрылды.  

"Сахнаға қайта  келгеніңе қуаныштымын. Танымадым, бірақ дым тыңдамай дауысыңа ғашық болдым. Сен екеніңді көріп одан да бетер қуандым!" – деп Әлем пікір білдірді.

"Қанайдың ерекшелігі – кез келген музыканы қойса, ән шығара беретін өнері бар, тексеріп көрейікші", – деген Сәкен Майғазиев өнерпазды сынамақшы болды. 

Нұрболат Қанай сол сәтте шетелше ән шығарып, қазылар алқасын сол арада тағы бір таңғалдырды.

Талқылау
Пікір
Макс
29 Жел, 21 жыл - 01:06

КАЗАКСТАН ДАУЫСЫНА КАТЫСКЫМ КЕЛЕД КЕЛЕСІ  ЖЫЛЫ КАШАН БОЛАД КАШАН ОТИНИМ КАЛДЫРСАМ МЕНИ УМЫТПАСАНЫЗДАР