Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылып, Орталық Азияда бұл көрсеткішке қол жеткізген жалғыз ел атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 мемлекеттің қатарына енді. Айта кетерлігі, біздің ел Орталық Азия бойынша бұл қатарға енген жалғыз мемлекет.
Халықаралық валюта қоры деректеріне сүйенсек, 2000-2025 жылдары Қазақстан нақты жалпы ішкі өнім өсімі бойынша жылына орта есеппен 5,6 пайыз көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізген.
Экономикасы ірі мемлекеттер қатарына Қытай, Германия, Жапония мен Үндістан кіреді.
Ал АҚШ бұл бағытта көш бастап тұрған алып ел болып қала береді. Әлемдік рейтингте Құрама штаттардың экономикасы 30,6 трлн долларға бағаланған.
- 233 миллиард теңгенің сабағы қайда?: Қазақстан 2011 жылғы Азиададан қорытынды шығармай, неге тағы өткізгісі келеді
-
Дүниежүзілік банк Қазақстанды алты жыл бойы 1 миллиард долларға қаржыландыруға дайын
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға 2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс секілді әлемдік жұлдыздар келетінін жазған едік. Фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету мақсатында арнайы штаб құрылды. Азия мен Таяу Шығыстың мақсатты қалаларында, сонымен қатар Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапур қалаларында 10 роуд-шоу өткізу көзделген.