Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссия мүшесі болып сайланды

Қазақстан БҰҰ-ның есірткіге қарсы басқармасының жаңа мүшесі болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock.com

Қазақстанды есірткіге қарсы басқармаға қосу шешімі Нью-Йоркте өткен БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысында қабылданды. Біздің еліміз Азия-Тынық мұхиты тобы жөніндегі комиссияға қосылды және оның мүддесін 2029 жылға дейін қорғайды.



Топтың негізгі міндеті – есірткіге қарсы күрес жөніндегі келісімдердің орындалуын халықаралық қадағалау. Сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеуге тиіс.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі өндірушілерге жазаны қатайтатын, есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды қарастыратын заңға қол қойғанын жазған едік. Заң есірткі өндірісі үшін ғана емес, осы қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін едәуір қатаңдатты. Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Талқылау