Қазақстан бюджет тапшылығына байланысты азиялық банктерден шамамен 366 миллиард теңге қарыз алады
Қазақстан бюджет тапшылығына байланысты Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен шамамен 366 миллиард теңге қарыз алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz / chatgpt.com көмегімен жасалған
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева Азия даму банкі Қазақстанға қанша қарыз беретінін айтты.
"Азия даму банкі Қазақстанға 52,3 миллиард йен көлемінде қарыз береді (52 335 274 722 йен). Оны 15 жылда өтеу қажет. Сонымен қатар 2027 жылдың 1 маусымына дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған", – деп мәлімдеді мәжіліс отырысында депутат Татьяна Савельева.
Оның айтуынша, қарыз қаражаты республикалық бюджеттің жоспарлы кезеңдегі бекітілген тапшылығын сақтап тұру мақсатында елдің экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тартылып отыр.
Осылайша Қазақстан екі азиялық банктен шамамен 677 817 315 долларды немесе 336 030 585 697,23 теңге қарыз алуды жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұған дейін 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы жыл басымен салыстырғанда 6,5 % артып, 63,7 миллиард долларға жетті. Еліміздің мемлекеттік қарызы жылдан жылға артып келеді. Қазақстанның ішкі қарызы есептелген күні 45 млрд долларға тең болып, жыл басынан бері 14,7% өсті. Сонымен қатар сыртқы қарыз жыл басынан бері 3,3% төмендеп, 15,1 млрд доллар болды.