Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіреді

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Қазақстан бокс федерациясы Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.

"Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз. World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық", - деді Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанғанын жазған едік. 

Талқылау