Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қыздарға 50 миллион теңге сыйақы береді

Қазақстан бокс федерациясы әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған аруларға қомақты сыйақы беретін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Сербияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 жүлдеге ие болды. Байрақты бәсекеде Назым Қызайбай, Аида Әбікеева және Алуа Балқыбекова өз салмақтарында жеңімпаз атанған еді. Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова күміске қол созса, Наталья Богданова қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

IBA өз кезегінде жүлдегерлерге қаржылай сыйақы табыстаған еді. Қазақстан бокс федерациясы да боксшыларға дәл сондай көлемде ақшалай марапат беруді ұйғарды. Ендеше, алтын алған үш боксшыға 50 миллион теңге (100 мың доллар), күміс медаль иеленген екі спортшыға 25 миллион теңге (50 мыңдоллар), қола жүлдеге 12 миллион 500 мың теңге (25 мың доллар) қаражат тарту етіледі.

Бұған дейін, отандастарымыздың әлем чемпионатынан 58 миллион сыйақы алғанын хабарлаған едік.

Талқылау