Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Байқоңырды қайтарып ала ма: Бағдат Мусин Ресеймен келіссөздер болатынын айтты

Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағында жоспарланған жобалар бойынша келіссөздер жүргізеді, деп мәлімдеді цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер министрден Ресейдің геосаяси жағдайға байланысты ғарыш айлағын жалға беру мерзімінен бас тарту немесе қысқарту мүмкіндігі бар ма деп сұраған.



"Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин жоспарлары өзгермегенін айтты. Олар Қазақстанмен жұмысты жалғастырып, жоспарланған ғарыштық бағдарламаларды дамытатындарын мәлімдеді. Әрине, ресейлік әріптестерімізбен келіссөздер жүргіземіз. Себебі уақыттың бір орнында тұрмайтыны, біздің орманда өмір сүріп жатпағанымыз түсінікті. Бізде 15-20 сәуір күндері бірқатар мәселелер бойынша, соның ішінде алдағы жылдарға жоспарланған перспективалық жобалар бойынша келіссөздер жоспарланған", - деді Бағдат Мусин.

Министр Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын 100 миллион доллардан астам (шамамен 47 миллиард теңге) төлейтінін қосып өтті. Жалға алу шарты 2050 жылға дейін жасалған.

Талқылау