Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Байқоңырдағы жалға беру аумағын қысқартуды жоспарлап отыр

Байқоңырда зымыран тиеген көлік кетіп бара жатырФото: Wikimedia Commons/Ninara

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ғарыш саласын трансформациялау жоспары туралы айтты. Саладағы ұлттық егемендікті күшейтуге баса назар аударылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-министр Байқоңырдағы 10 ұшыру кешенінің ресейлік тарап бүгінде үшеуін ғана пайдаланып отырғанын атап өтті. Қалғандары бос тұр. Қазақстан өз кезегінде жалға алған аумақтан мыңдаған шаршы метрді шығарып тастауды көздеп отыр.

"Жалға берілген жер телімінен 1747 шаршы метр аумақты шығару жұмыстары жүргізілуде, онда болашақта арнайы экономикалық аймақ құрылады. Бұл учаскеде отандық ғарыштық жобалар мен шетелдік стартаптарды іске асыру жоспарланып отыр", - делінген премьер-министрдің депутаттар салауына берген жауабында.

Бұған қоса Қазақстан өз спутниктерін шығару жұмысын күшейтуде. 2023 жылдан бастап құрастыру-сынақ кешенінде Жерді қашықтан зондтау спутниктері сериясы әзірленіп жатыр, олардың алғашқысын 2027 жылы ұшыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ KazSat-3 спутнигін ауыстыру бойынша экономикалық бағалау жүргізілуде.

Зымыран жасап шығаруға ерекше көңіл бөлінбек. Елде жобалау инструментариі құрылып, зымыранның тәжірбиелік үлгісіне сынақ жүргізілді, ал шағын метеорологиялық зымыран 2025 жылдың соңына қарай ұшырылады деп жоспарланып отыр.

"Байқоңыр" кешенін дамыту Ресеймен бірлескен "Бәйтерек" жобасы аясында да жүргізілуде, оған "Союз-5" зымыран тасығышының құрылысы да кіреді. Жаңа ұшыру кешенінен ұшыру 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 17:05
Талқылау