Қазақстан "Балалар Евровидениесінде" 15-орын алды
12 жасар алматылық әнші Давид Чарлин халықаралық Junior Eurovision 2022 байқауында 15-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың гранд-финалы 11 желтоқсанда Ереван қаласында өтті. Давид Чарлин байқауда "Жер-Ана" әнін ағылшын және қазақ тілдерінде орындады.
Ұлттық төрешілердің және онлайн дауыс беру нәтижесінде отандасымыз 47 дауыс жинады. Осылайша 16 қатысушы елдің ішінде 15-орынды иеленді. Дауыс беруге барлығы 178 ел қатысқан.
"Балалар Евровидениесінде" Oh Maman әнін орындаған Франция қатысушысы жеңді. Ол 203 дауыс жинаған. Екінші орынды Армения қатысушысы (180 дауыс), үшінші орынды Грузия қатысушысы (161 дауыс) иеленді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті