Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды

Қазақстан аумағына шет елдерден бидай әкелуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, бидай импорты 1,3 млн тонна болған. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең. Сондай-ақ Қазақстанда өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті деңгейде.


Ауыл шаруашылығы министрінің жақындары СҚО-дағы барлық егіс алқабын жаулап алған ба – Әкім жауап берді


“Ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды”, – делінген министрлік хабарлмасында. 

Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіліп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

Еске салсақ, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда мақта мен бидай алқабы қысқаратынын айтқан еді.

Талқылау