Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына 500 миллион доллар инвестиция салмақ

Фото: depositphotos.com

Қазақстан Ауғанстанда теміржол құрылысына 500 миллион доллар инвестиция салуға дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулда Ауғанстанның экономика мәселелері жөніндегі вице-премьері Абдул Ғани Барадармен кездесуде мәлімдеді.

Кездесу барысында Серік Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанға интернет желісін дамытуға да көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақстан Ауғанстан халқына төмен бағамен интернет қолдануға мүмкіндік бере алады. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар Ауғанстан экономикасының түрлі салаларына, әсіресе мұнай-газ кен орындарына инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді.


"Менделеев кестесіндегі барлық элемент сонда": Қазақстан Ауғанстан жерінде пайдалы қазбалар өндірмек

Қазақстан соты өз елінде өлім жазасы күтіп тұрған ауғанстандық қызға босқын мәртебесін бермей қойды


Ауған вице-премьерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ауғанстандық кәсіпкерлерге виза беруге, екі ел арасында әуе қатынасын ашуға, банк саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға, транзит пен сауданы кеңейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын.

Айта кетейік, Серік Жұманғарин дүйсенбі күні, 22 сәуір күні өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумына қатысу үшін Кабул қаласына барды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жібергені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 20:33
Талқылау