Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ

«Қазақстан Аруы-2016» байқауында жеңіске жеткен Гүлбану Әзімхан 5 миллион теңге ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

miss - Copy 4

«Жеңемін деп үміттендім. Мен барлықтарыңыздың үмітін ақтауға тырысамын. Мен ақшалай сыйақының жартысын мүмкін жетімдер үйіне қайырымдылыққа беремін. Қалған жартысын өзімнің ата-анама табыс етемін», – деп ағынан жарылды Гүлбану Әзімхан «Қазақстан Аруы-2016» байқауын жеңіп алған сәтте.

Еске салайық, еліміздің ең сұлу аруы ретінде Гүлбану Әзімханова таңдалған еді.

Ал Анастасия Усольцева үшінші вице-мисс, Жанар Найманбаева екінші вице-мисс болып таңдалса, бірінші вице-мисс атағы Елназ Нұрсейітоваға бұйырды.

«Қазақстан Аруы-2016» байқауының 20-мерейтойлық шоуы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биыл байқаудың финалдық кезеңіне 25 қатысушы жолдама алды. Олардың ең кенжесі 16 жаста.

Жіберіп алмаңыз:

“Мисс Қазақстан” жүргізушісі тікелей эфир барысында Қостанай аруына жүрегін ұсынды (фото)

Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)

Америкалық азамат лотерея билеттерін сатушының қателігінен миллион доллар ұтып алды

“Мәңгілік алау” отына табамен картоп пісіргендер іздестіріліп жатыр (видео)

Талқылау