"Қазақстан аруы-2024" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды
Алматыда "Қазақстан аруы-2024" ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биыл бұл атақты 20 жастағы өскемендік Бағым Балтабаева иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Бұл жолы байқау мегаполистегі үлкен мейрамханалардың бірінде өтті.
Қыздарға әділ баға берушілер қатарына: Қазақстанның бірінші аруы Сәуле Рахмедова, балерина, былтырғы “Қазақстан аруы” Сабина Ыдырысова, дизайнер Айрат Надров, пластикалық хирург Ілияс Бейскенов, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының директоры Айжан Рузаева және Қырғызстаннан келген дизайнер Арзубек Вонама кірді.
Фото: Stan.kz
Әділ қазылар қыздардың бойындағы тартымдылық пен қоса өздрін ұстап, көп алдында сөйлей алу қасиеттеріне де баға берді.
Биылғы байқаудың ұраны “The аrt оf being a Woman” ("Әйел болу өнер") болды. Бұл Қазақстандағы сұлулық байқауы кез келген қызмет салаларындағы әйелдерді қамтитынын, мұнда қатысушылардың сыртқы келбетіне ғана баса назар аудармайтынын айғақтайды.
Фото: Stan.kz
“Қазақстан аруы” атағы үшін 20 үміткер бас сынасты. Конкурсқа барлығы екі мыңнан астам қазақстандық өтінім берді.
Тартысты дода финалға шыққан 5 ару арнайы атақтарға таласты. Нәтижесінде:
Фото: Stan.kz
- “Вице-мисс Қазақстан 2024” атағын Айдана Әбілқасова;
- “Жер аруы 2024” атағын Томирис Қадырхан;
- “Ғалам аруы 2024” атағын Дана Алмасова;
- “Қазақстан аруы 2024” атағын Бағым Балтабаева иеленді.
Фото: Stan.kz: Бағым Балтабаева
“Бұл жеңісті күтпедім. Қатты қобалжып тұрмын. Мұнда мені отбасым әжем мен бауырларым қолдап келді. Шынымен, әлі де сене алар емеспін! Бүгінгі жеңісім менің үлкен еңбегімнің жемісі деп білемін”, – деді “Қазақстан аруы 2024” атағын Бағым Балтабаева.
Бағым Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚО университетінде “Бастауыш сыныбы мұғалімі” мамандығында оқиды.
“Ат спортымен айналысқанды, табиғатта уақыт өткізгенді ұнатамын. Отбасымда ағам мен інім бар. Олардың барлығы маған қолдау көрсетуге келді. “Қазақстан аруы” болу үлкен жауапкершілік.
Маған сеніп, қолдаған барлық жанға алғыс айтамын! Әрине, дайындық қызу болғандықтан моральды, физикалық тұрғыдан шаршаған сәттер болды. Алайда соған қарамастан ешқандай даусыз қыздармен бірігіп бәрін жеңіп шықтық. Олармен бір-бірімізге көмектесіп, дос болып кеттім. Тіпті өте жақын араластық. Мұндағы әр қыз осы тәжге лайық”, – деп қосты Балым.
“Қазақстан аруы” атағын жеңгеннен кейін Балым алға қандай мақсат қоятынын да айта кетті.
“Модель болып бастаған кезімде маған сенбеген жандар да болды. Олар мені қолдамаған да кездеі болды. Алайда қазір жақындарым әрдайым менің жанымда, қолдайды. Бүгінде менің жеңісімді көруге келді. Алдағы мақсатым еліміздегі әлеуметтік іш-шараларға белсене араласқым келеді. Ең үлкен мақсатым қайырымдылық қорын қолға алу”, – деп қорытты ол.
Жеңімпаздарға бағалы тәж бен атақпен қоса бағалы сыйлықтар: Ақшалай сертификат, зергерлік бұйымдар мен Еуразиялық техникалық университетіне гранттар ұсынылды.