Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан соғыстан қашқан адамдарды Ресейге жүйелі түрде экстрадициялай бастады

Фото: Желі кадрларынан 

Сарапшылар Қазақстанды Ресейден қашқан белсенділер үшін "қауіпті аймаққа" айналды деп бағалауда. Себебі соңғы рет Қазақстан Алексей Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянованы босқын мәртебесін сұрап үлгермей жатып, Мәскеуге экстрадициялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Moscow Times хабарлайды.

Қазақстан билігі Ресейден қашқан кейбір адамдарды тез арада Ресейге қайтару жағдайын күшейтті.

Соңғы мысал – Алексей Навальный штабының бұрынғы қызметкері, белсенді Юлия Емельянова. Бас прокуратура Мәскеудің экстрадиция сұрауын қанағаттандырып, оны 29 қаңтарда қамауға алған. Бұл шешім заңсыз деп саналады, себебі Емельянова Қазақстанда босқын мәртебесін алу үшін өтініш берген және оның ісі әлі қаралу үстінде болған.

Юлияны Алматы әуежайында 2025 жылдың қыркүйегінде ұстаған. Ол Ресейден 2022 жылы кеткен. Ресейде оған таксисттен 12 мың рубль тұратын ұялы телефонді ұрлады деген айып тағылған. Бірақ құқық қорғаушылар бұл істі ойдан шығарылған деп санайды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қазақстанда ресейліктер үшін қауіп өсіп барады. Бұл жыл басынан бері адамдарды заңсыз және жедел түрде экстрадициялаудың кемінде төртінші оқиғасы.



Бұған дейін Қазақстан Чечнядан қашқан белсенді Мансур Мовлаевты және Қырымнан келген Александр Качкуркинді Ресейге берген. Качкуркин саяси себеппен Ресейден кетіп, Алматыда жұмыс істеген. Бірақ оған әкімшілік хаттамалар жасалып, Ресейге қайтарылған. Онда оған мемлекеттік қастандық бойынша айып тағылған.

“Ақпан айында Қазақстан соты Ресей әскері қатарында болған Евгений Коробовқа саяси баспана беруден бас тартты. Ол Украинадағы соғысқа қатысып, жарақат алғаннан кейін дезертир болған. Ресейде оған қылмыстық іс қозғалған. Қысқаша айтқанда, Қазақстанда Ресейден қашқан кейбір адамдардың қауіпсіздігі төмендеп, оларды экстрадициялау оқиғалары көбейгені байқалады”, – делінген БАҚ беттерінде. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 17:54