Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ақтаудағы AZAL ұшағының апатын тергеуді аяқтауға дайындалып жатыр

Ақтаудағы ұшақ апатыФото: instagram.com/mangystau_audany

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының ұшағы апатына қатысты тергеу барысы жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, тергеудің бірінші бөлігі қылмыстық сипатқа ие, оны Қазақстанның Бас прокуратурасы ресейлік әріптестерімен бірге жүргізіп жатыр. Екіншісі техникалық сипатта, ол Көлік министрлігінің құзырында.

"Көлік министрлігі тергеудің соңғы кезеңіне жақындады. Сондықтан қазір аэронавигациялық құралдар және басқа да технологиялардың лицензиарлары мен өндірушілерінен соңғы қорытындыны күтіп отырмыз. Жалпы, министрлік өз жұмысын биыл немесе келесі жылдың басында аяқтауға дайын", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Бозымбаевтың айтуынша, Бас прокуратура да жұмыс жүргізіп жатыр.

"Бас прокуратураға да бұл жұмыс бойынша тығыз байланыста. Алға жылжу байқалады, көршілес мемлекет басшыларының түрлі мәлімдемелерін өздеріңіз де көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы бұл бағытта жұмыс аяқталады деп үміттенеміз", - деді ол.

Бұған дейін көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров үкіметтегі брифингте AZAL ұшағының апатын тергеу жөніндегі есеп жыл соңына дейін ұсынылады деп хабарлаған еді.

Айта кетейік, апат 2024 жылдың соңында Ақтау маңында болды. Баку–Грозный бағытымен ұшып бара жатқан ұшақта 67 адам болған. Олардың 38-і (негізінен Әзербайжан азаматтары) қаза тапты. Қайғылы оқиға алдында әуе кемесі Ақтау әуежайының үстінен бірнеше рет айналып өткен. Пилот 7 700 дабыл кодын беріп, қосалқы әуежайға қонуға сұрау жіберген.

Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сенімменайта алатынын жеткізген. 

4 ақпанда Қазақстанның Көлік министрлігі апаттың алдын ала нәтижелері бойынша есеп жариялады. Онда әуе кемесінің зақымданған және жартылай өртенген бөліктерінің фотолары, сондай-ақ төтенше жағдайдан кейінгі ұшу реконструкциясы көрсетілген. Алдын ала есепте "Ковер" жоспары жарияланған сәттегі диспетчерлер әңгімесінің фрагменті де бар.

Жуырда Ресей президенті Владимир Путин Ильхам Әлиевпен кездесуде Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатына қатысты пікір білдірді.

Рая Мінәп
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 12:27