Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстан АҚШ-қа неліктен жауап баждарын қолданбайды – Сауда министрлігі жауап берді

Қазақстан импорттық баж салығы бойынша кеңес алу үшін АҚШ-қа делегация  жібереді. Мұны Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Алайда вице-министр шенеуніктердің Вашингтонға нақты қашан баратынын айтпады. 

Оның сөзінше, қазір үкімет бұл мәселемен айналысып жатыр.

Айта кетейік, Американың жаңа тарифтік саясаты Қазақстан экспортының шамамен 5%-ына әсер етеді. Оған Трамп салған баж салығы 27%. Осының салдарынан еліміз жылына 90 миллион доллардан (46 миллиард 861 миллион 200 мың теңге) астам шығынға ұшырауы мүмкін. Алайда Қазақстан жауап ретінде баж салығын  енгізуді жоспарлап отырған жоқ. 



“Біз Еуразиялық одаққа мүше болғандықтан Қазақстанның импорттық кедендік баж салығын біржақты өзгертуі мүмкін емес. Бірыңғай кедендік тариф бес елге қолданылады. Импорттық тауарларға қандай да бір баж салығы өзгертілсе, ол тек бесеуінің шешімімен қабылданады. Бірақ мұндай сұрақ тіпті қарастырылмаған”, – дейді вице-министр. 

Еске салсақ, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар. 4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдеріне 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Трамп Қытайдың бұл әрекетіне жауап ретінде қытайлық тауарларға 104%-дық баж салығын енгізді. Артынша Қытай да АҚШ тауарларына салынатын баж салығын 84%-ға дейін көтерген еді. 

Осындай кейін АҚШ билігі Қытайдан әкелінетін тауарларға енгізілген жаңа баж салығының жалпы мөлшері 145% екенін мәлімдеді.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 19 Сәуір, 2025 14:34
Талқылау