Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 70 тоннаға жуық күрішті Үндістанға кері қайтарды

Маңғыстау облысына Үндістаннан фитосанитариялық талаптарға сай келмейтін 70 тоннаға жуық күріш келген. Өнім шығарылған елге кері қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Маңғыстау инспекторлары Қазақстанға импортталған өнімді тексеру кезінде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға жеткізілуге тиіс 70 тоннаға жуық күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеген. Барлық жүк жөнелтуші елге кері қайтарылды.

Мұндай фактті Жамбыл облысындағы "Қарасу" ФКП инспекторлары да анықтады. Қырғызстаннан келген 22 тонна жаңғақта фитосанитариялық сертификат болмаған. Осыған ұқсас шара Қостанай облысында 22,9 тонна картоп Ресейге қайтарылды.

Батыс Қазақстан облысында инспекторлар қажет құжаттарсыз келген алманы анықтады. Осыған ұқсас бұзушылық Астана халықаралық әуежайында анықталды.



Сонымен қатар Ресей Федерациясынан келіп түскен 75,5 текше метр ағаш материалдарын қайталама бақылау кезінде Көкшетау және Абай инспекторлары дернәсілдің жұмыртқаларын тауып, жүкті қайтаруға себеп болды.

Осы бұзушылықтардың барлығына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес өнім иелеріне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Талқылау