Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-тің серіктесі атанады – Ресей өкілі

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ресми түрде БРИКС серіктес мемлекет мәртебесін алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: globallookpress.com

Қазақстан сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады. 

Қазанда БРИКС серіктес елдерінің санатын белгілеу және 13 мемлекеттің тізімі туралы келісім жасалмақ.

"13 мемлекетке тиісті шақырулар жіберілді. Бүгінгі күні Беларусь, Боливия, Индонезия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан БРИКС бойынша серіктес  болуға дайын екенін растады", – деді Ушаков.

Қазақстанмен қатар сегіз мемлекет БРИКС серіктесі болуға шақыруды қабылдады. Бұл мәртебе арқылы жаңа серіктестер БРИКС саммиттерінің жеке кездесулеріне, сыртқы істер министрлерінің кездесулеріне, қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары өкілдердің кездесулеріне және қауымдастықтың басқа да іс-шараларына қатыса алады.

Енді шақырту алған төрт ел келісімін растау керек. 

Бұған дейін президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар түскенін хабарлаған. Уәли бұл ұсыныстар мемлекет басшысы тарапынан мұқият қаралғанын атап өтті.

Талқылау