Қазақша жырлаған Венгрия азаматының видеосы жұртшылықты таң қалдырды (видео)
Видеода Давид Шомфай Қара есімді Венгрия азаматы қазақтың жырын жырлап отыр.
Бұл туралы желі қолданушысы erkanat_rustem Инстаграм парақшасында жариялаған.
“Жыр жырлап отырған Венгрия азаматы Давид Шомфай Қара. Бұлардың арғы тектері қыпшақтар. Содан болар қазақтың ән-күйіне жаны құмар. Венгрияда Қара, Тазы, Көтен деген қазақша аталатын ауылдар бар”, – деп жазады ол.
Желі қолданушылары венгр азаматына ерекше ықыласын білдірді.
Талқылау