"Қазақмыс" Сәтбаевта ереуілге шыққан шахтерлердің жалақысын көтеруден бас тартты
"Қазақмыс" корпорациясы Жезқазғантүстіметал өндірістік бірлестігіне кіретін Оңтүстік-Жезқазған және Жыланды кен орындары жұмысшыларының талаптарына жауап беріп, жалақыны өсірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: СТА телеарнасы
17 желтоқсанда Ұлытау облысындағы "Оңтүстік Қазақстан" кенішінің №65 шахтасының қызметкерлері ереуілге шыққан. Олар алдымен жалақыны 30%, біраз уақыттан кейін 100% көтеруді сұрады. "Қазақмыс" баспасөз қызметі корпорацияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді.
"Кездесу барысында олар "Жезқазғантүстіметал" компаниясында ең төменгі жалақы 363 мың теңге (жөндеу-механикалық мамандандырылған басқарманың тазалаушысы), медианалық жалақы 650 мың теңге екенін атап өтті. Бұл ретте Ұлытау облысындағы медианалық жалақы 404 105 теңге, ал Қазақстан бойынша орташа жалақы екі есе аз, яғни 285 677 теңге", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Дегенмен корпорацияның 200-ден аса қызметкері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққаннан кейін басшылық жалақыны көтеруге уәде берген еді.
"Индексация ұлттық статистика бюросы 2024 жылға бекіткен инфляция деңгейіне сәйкес жүргізіледі. Жалақы 8,5%-ға артқан жағдайда корпорация бойынша орташа жалақы 822 мың теңгеге (2024 жылы – 730 431 теңге) жетеді. Ал жер астындағы мамандар үшін 1 303 000 теңге болады (2024 жылы – 1 202 000 теңге). Жалақының одан әрі күрт өсуі аймақтармен және саламен салыстырғанда үлкен айырмашылық туғызыда. Соңында компанияның кейбір кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, оларды тоқтап қалуға әкеледі", – деп есептейді корпорация.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясының Сәтбаевтағы кенішінің жұмысшылары талаптары орындалмайынша наразылықтарын жалғастыратындарын айтты. 17 желтоқсанда қызметкерлер жалақыны екі есеге арттыруды талап етіп, наразылыққа шыққан. Компания жалақыны 8,5%-ға индекстеуге уәде берсе де, жұмысшылар риза емес. 18 желтоқсанда компания басшылығы мен кәсіподақ өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Олар жалақыны арттыру аймақтағы және салалық айырмашылықты ұлғайтуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап жаңа ұжымдық шарт бойынша қаржылық көмек пен өтемақы көлемі арттырылатыны хабарлаған еді.