"Қазақмыс" холдингі AIX биржасында 220 млн долларлық облигацияларын орналастырмақ

Фото: kazakhmys.kz
Нидерландта тіркелген Kazakhmys Holding Group B.V. компаниясы Astana International Exchange (AIX) биржасында жалпы сомасы 220 млн доллар болатын облигациялар шығармақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 4 жыл.
2020 жылғы деректерге сәйкес, компания акцияларының 70%-ы Владимир Кимге, ал 30%-ы Эдуард Огайға тиесілі. Компания 2025 жылдың қарашасына дейін "Қазақмыс" холдингінің басқарушы компаниясы болған, ал қараша айынан бастап – Qaz Copper Group-тің басқарушы компаниясы.
Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, бір облигацияның бағасы – 100 доллар, ал жалпы саны – 2,2 миллион дана. Облигациялар 2030 жылдың желтоқсанына дейін айналымда болады. Купондық табыстылық мөлшерлемесі – 7,5%.
Сарапшылардың болжамынша, бұл құрылым Владимир Ким “Қазақмыс Корпорациясын” сатқаннан кейін өзінде қалған мыс жобаларын басқаруға бағытталған. Аdata.kz дерегінше, компанияның еншілес кәсіпорындары қатарында мыс кенін өндіру және байытумен айналысатын Minerals Project және Абай облысындағы Айдарлы кен орнын игеруге қатысы бар "Көксай Холдинг" бар.
AIX (Astana International Exchange) – бұл Қазақстандағы халықаралық қор биржасы.Ол 2017 жылы Astana International Financial Centre (AIFC) аясында құрылған және Astana қаласында орналасқан. AIX – компаниялар өз акциялары мен облигацияларын инвесторларға ұсынып, қаржы тартатын ресми сауда алаңы.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты