Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған
Журналист Жолымбет Мәкіш Томирис фильмі мен басты рөліне таңдаған актрисаны сынап тастады.
«Томиристегі» бас кейіпкерді осындағы киноның «мамандары» жаман мақтап жатыр. Актрисаның түрі мен Томиристің атына қарасаңыздаршы, ау, білгіштер! Киногерлер актрисаны тарих ғылымындағы «сақтар парсытілдес халық болған» дейтін евроцентристік көзқарастың жетегінде жүріп таңдаған секілді. Өйткені оның түрі протоқазақтарға, балбал тастағы біз көрген бабалардың түріне мүлдем ұқсамайды.
«Баяғы қазақтар көк көзді, cап-сары болған» дейтін күлкілі концепцияны тыңдап өскеннен кейін солай істеген шығар, білмеймін. Ол концепция да моңғолтектестердің бәрін кембағал халықтай көрген евроценристік саясаттың санамызға сеуіп кеткен сандырағы ғой. Осының кесірінен өз түрінен өзі жеріген, европалықтарға ұқсағысы келіп тұратын дүмше, дүбәра қазақтар пайда болды. «Томиристің» аты да тура сондай дүдәмал ат. Өйткені оның шын аты Тамирис емес! Тамиристің атын бізге ең алғаш естірткен – «тарихтың атасы» атанған грек тарихшысы Геродот болатын. «Ис» деген грек тілінің жалғауы. Егер осы «ис» деген тіркемесін алып тастасаң, «Тамир», «Темир» деген өзімізге таныс сөз шыға келеді. Ақан Сатаев жақсы маман шығар. Бірақ оның Сәвет одағынан бері келе жатқан ескі сүрлеумен жүріп отырып түсірген бұл фильмінде алып бара жатқан ешқандай жаңалық жоқ!
«Томиристегілердің» бәрінің көзін көкшірейтіп, европалықтарға (скандинавиялықтарға) ұқсатып қойыпты. Айттым ғой, «бұлар евроцентристік саясаттың жетегінде кеткен» деп. Кинода идеология жоқ. Идеология жоқ екенін киноға орыстар мен метистерді көп тартқанынан көріп қалдым. Орыстар скифтердің тарихына таласып жүр еді. Мына кинодан енді өздерінің ата-бабасын көргендей болатын болды ғой…. Әлде бұлар қазіргі қазақстандықтардың образын жасағысы келіп шапқылап жүр ме, білмедім. Дүбәра, дүмше фильм обшым. Одан да бергі тарихтан, Ораз-Мұхаммедтің образынан кино жасап шығарса ғой, қатып кететін еді!”, – деп жазады Жолымбет Мәкіш желіде.
Тағы оқыңыз:
Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)